Көлік комитеті құрылды
Көлік комитеті құрылды
249
оқылды
«AMANAT» партиясының Ор­та­лық аппаратында Көлік және ло­гис­тика комитетінің ұйымдас­тыру жөніндегі отырысы өтті. Отырыста ко­ми­теттің құрамы мен ережесі бекі­тіл­ді. Комитет төрағасы болып Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партия­сы фракциясының мүшесі Самат Ақышев сайланды. Сала мамандарының пікірін ескере отырып, Комитет құрамына темір­жол тасымалдаушылары қауымдастығының, вагон операторларының, ұлттық экспедиторлардың, жолаушылар көлігінің, бизнес-қоғамдас­тықтың, бейінді министрліктердің өкілдері және тағы басқалар кірді. Отырыс барысында саланың транзиттік инфрақұрылымын дамыту, шетелдік тасымалдаушыларды көлік бақылауынан өткізудің жеткіліксіздігі, 3 мың­нан астам қоғамдық көлік жүргізушісінің тапшылығы сияқты мәселелер көтерілді. Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, Қазақстанның Орталық Азия, Ресей, Қытай және Еуропа елдерін өзара байланыстырып тұрған тиімді географиялық жағдайын ескере отырып, еліміз көлік-логистика саласының әле­уетін толық пайдалана алады. Комитет мүшелері көлік саясаты стратегиясын әзірлеу және отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, транзиттің жаңа бағыттарын пысықтау, инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.