Қонаев қаласында ерекше бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Қонаев қаласында ерекше бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
636
оқылды
Алматы облысы және Қонаев қаласы әкiмiнiң қолдауымен, «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі 22 шілдеде Қонаев қаласындағы жұмыссыз азаматтар мен жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне: Балабақшалар («Гүлдер», «Искорка», «Балауса», «Ақдидар», «Нұр Бөбек», «Малыш», Қонаев қаласының қалалық ауруханасы, «Green Land Alatau», «LST Market», «Ланджоу» мейрамханасы, «Party Food», «Балқаш- Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы», «АгроФит Капшагай», «ДЭУ-18», «Аям» ЖШС-ы, «Astoria», т.б. қатысты.  width= Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 70-тен астам адам, сонымен қатар пробация қызметі есебіндегі 8 адам, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан - 3, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан 10 адам қатысып, 54 адамға бос жұмыс орындары ұсынылып, 14 адамға жолдама берілді. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде жұмыс іздеушілерге жұмыспен қамтудың және бизнес құрудың белсенді шаралары (оқу курстары, жастар тәжірибесі, мемлекеттік гранттар, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстар, «Zhas project» жобасы) туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің қатысушыларына «Электрондық еңбек биржасы» (www.enbek.kz.) мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету пилоттық жобасын іске асыру туралы таныстырылды.