Жамбыл облысындағы Талас өзенінен суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Жамбыл облысындағы Талас өзенінен суға батып кеткен қыздың денесі табылды
2,319
оқылды
Құтқарушылар Талас өзенінен атасымен бірге батып кеткен жеті жасар қыздың денесін тапты. Қайғылы оқиға 23 шілде күні сағат 17:30-да Тараз қаласының маңында, Жамбыл облысы, Жасөркен ауылының маңында болған. Атасы мен немересі Талас өзенінде шомылып жатып, суға батып кеткен. Ауыл тұрғындары егде жастағы ер адамның денесін өзеннің Жасөркен ауылына кіре беріс жерінен шығарып алған. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған қызды іздеу жұмыстары 24 шілде күні таңғы сағат 5-тен жалғасты. Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 74 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды. Қаза тапқандардың туыстары, жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары қатысты. Сағат 18:10-да Талас өзеніндегі жұмыс істемейтін шлюз жанынан марқұм қыздың денесі табылды. Іздеу жұмыстарына барлығы 200-ге жуық адам қатысты.