Алдағы үш күнде 45 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы үш күнде 45 градусқа дейін ыстық болады
Фото: wemontreal.com
6,243
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 26-28 шілде аралығында күн ысиды. Алдағы екі-үші күнде ауа райы тұрақсыз болады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасы +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтеріледі. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендейді деген болжам бар. Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады: +40 +45°С.