Жетісу мен Алматы облыстары ауруханасына 14 миллион теңге айыппұл салынды
Жетісу мен Алматы облыстары ауруханасына 14 миллион теңге айыппұл салынды
1,374
оқылды
Алматы және Жетісу облыстарындағы денсаулық сақтау мекемелеріне медициналық қалдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 14 млн теңге айыппұл салынды.
«Алматы облысының санитарлық қызметі денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына байланысты жалпы сомасы 14 млн теңгеге 74 айыппұл салды. Оның ішінде медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және есепке алу мерзімдері бойынша заң бұзған жеке тұлғаларға 69 айыппұл, лауазымды тұлғаларға 3 айыппұл және медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайын жарақтандыру және жабдықтау жөніндегі нормаларды сақтамағаны үшін заңды тұлғаларға 2 айыппұл салынды», – делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Департаменттің мәліметінше, медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитарлық талаптардың сақталуы облыстық СЭБД-ның тұрақты назарында. Бүгінде департамент бақылауында 1 793 медициналық ұйым бар. Департаменттің аумақтық басқармаларының бақылауында медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын 14 ұйым бар.