Атырау облысында жеңіл көлік 24 қойды қағып кетті.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 25 шілдеде болған.
Сағат 06.30 шамасында «Атырау-Ақтөбе» тасжолының 400 шақырымындағы Жантерек елді мекенінің тұсында RAVON R4 жүргізушісі 24 бас қойды қағып кеткен.
Бақташы малды жолдың белгіленбеген жерінен өріске айдап өтпек болған. Соның салдарынан 1 млн 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген.
«Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін қой бағуға шыққан адамға құқық бұзушы ретінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген полиция хабарламасында.