Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісімін бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Еріктілік - бұл адамның еркі. Волонтерлер - өз еркімен істеушілер. Мен бүгін Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келістім. Менде төтенше және өкілетті елшінің дипломатиялық дәрежесі бар. Бірақ бұл еріктілер қозғалысының құрметті елшісі мәртебесін маңызды деп санаймын. Бұл мен үшін үлкен құрмет, сондықтан бірге жұмыс істейтін боламыз", - деді Президент.
Еске салайық, бүгін Нұр-Cұлтанда EXPO 2017 көрме кешенінің Art Hub павильонында мемлекет басшысының қатысуымен Birgemiz еріктілерінің республикалық фронт-кеңсесі іске қосылды.