Алматы әуежайында полиция қызметкеріне шабуыл жасалды
Алматы әуежайында полиция қызметкеріне шабуыл жасалды
259
оқылды
Алматы әуежайының автотұрағында мас үш ер адам төбелесті. Артынша олардың бірі бөтелкені сындырып, полицейлерге шабуылдамақ болған. Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілдеде түнгі сағат бір шамасында Алматы Халықаралық әуежайы аумағындағы туристік полиция бекетінің құрамындағы полиция қызметкерлеріне ер адам келіп, көлік тұрағында төбелес болып жатқанын айтқан.
«Ақпарат расталды, анықталғанындай ішімдік ішкен үш ер адам төбелесіп жатты. Олар полиция қызметкерлерінің талабына агрессиямен жауап берді. Төбелесушілердің бірі, бұрын сотталған 1994 жылы туған У. есімді азамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгіріп, оны соққыға жықпақ болды. Ауыр қылмыстың жолын кескен тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оқ атты», – деп хабарлады қалалық полиция өкілдері.
Полицейлер төбелеске қатысушыларды ұстады. Олар – Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі де бұған дейін адам тонап, ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
«Олардың әрекеті ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі – бұзақылықпен сараланып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша да қызметтік тексеру жүргізілетін болады.