Әскери бөлімде қайтыс болған Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Әскери бөлімде қайтыс болған Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Фото: twitter.com
1,397
оқылды
Жамбыл облысында әскери бөлімде қайтыс болған маңғыстаулық Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды, – деп хабарлайды AstanaTV.  Әскери прокуратураның ресми өкілі Әлібек Қалбаймен бірге Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз күдікті ретінде қамауға алынғанын хабарлаған еді. Ресми өкілдің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің кінәсін дәлелдейтін материал толық жиналды.
Бас әскери прокурордың аға көмекшісі Еркін Қожа-Ахмет: «Қатардағы жауынгер Қалбайдың қайтыс болуы бойынша, қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі жағдайда тараптар істің құжаттарымен танысуда. Содан кейін істі сотқа жібереміз. Күдікті ретінде әскерде бірге жүрген Аманжолов өтіп жатыр. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда. Істің материалдарымен танысып жатыр», – деді.
Бұған дейін, Президент сарбаз өлімінің себебін анықтауды тапсырған болатын.