«Әйелдер ғимараттың кіреберісін жауып, әкімдікке өз мәселесі бойынша келген ер адамға шабуыл жасады. Ер адам әкімдіктің немесе өзге мемлекеттік органның қызметкері емес, ол қаланың қарапайым тұрғыны», – деді әкімдіктегілер.
Полиция департаментінің айтуынша, оқиға кеше күндізгі сағат 11-12 шамасында болған. Жанжал шығарғандар бір-біріне шара қолдану туралы полицияға арыз түсірген. Аталған оқиға Сарыарқа аудандық полиция басқармасында тіркелді.
Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Соның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
https://www.youtube.com/watch?v=dKpxkhirPcc&feature=emb_imp_woyt