Алматыдағы заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріліп тасталмақ
Алматыдағы заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріліп тасталмақ
991
оқылды
Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатқанын айтты.
Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабы1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арыз жолдады. Жақында талап-арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтіліп отыр.