Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатқанын айтты.
Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабы1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арыз жолдады.
Жақында талап-арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтіліп отыр.