Елдегі алдыңғы қатарлы университеттер жоспарлы тексерулерден босатылады
Елдегі алдыңғы қатарлы университеттер жоспарлы тексерулерден босатылады
1,874
оқылды
Елдегі әлемдік рейтингке енген мықты университеттер жоспарлы тексеруден босатылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Жоғары оқу орындарының өз үлгісінде диплом беруі мамандарды даярлау сапасына жауапкершілігін арттыру үшін жасалған үлкен қадам болды. Жалған дипломнан қорғау үшін қол қою талаптары енгізілді. Бұдан былай әрбір жұмыс беруші QR технологиясын қолдана отырып, дипломның түпнұсқасы мен шынайылығын тексере алады», - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Министрдің айтуынша, ЖОО-лардың білім бағдарламасының тізіміне 15 мыңнан астам бағдарлама енгізілді, оның 7 мыңы – жаңа бағдарлама.
«Мықты университеттерді тексеруден босату туралы бұйрық дайындалды. Жұмыс берушілер рейтингінде 1-3-орындарды иеленген университеттер және жоғары әлемдік рейтингке енген университеттер жоспарлы тексерулерден босатылады», - деді Асхат Аймағамбетов.