Дзюдодан Қазақстан құрамасы Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы күні 3 медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нұрқанат Серікбаев (-66 кг) финалда бразилиялық Роналд Лиманы тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ алтын жүлде үшін Аман Бақытжан (-60 кг) мен Ғалия Тынбаева (-48 кг) белдесті. Алайда шешуші сында Аман тайпейлік Янг Юнг Вэйге есе жіберсе, Тынбаева италиялық Ассунта Скуттоға жол берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
