Қостанай облысының Қарабалық ауданында Алматы – Екатеринбург тасжолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.
Полицияның алдын ала мәліметінше, КамАЗ жүргізушісі қараңғы уақытта өзімен бір бағытта қозғалып келе жатқан 70 жастағы велосипедшіні қағып кеткен.
Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
