«Айқын» газетінің ұжымы студенттермен кездесті
«Айқын» газетінің ұжымы студенттермен кездесті
© Айтжан Мұрзанов
734
оқылды
«Айқын» газетінің ұжымы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті студенттерімен жүздесті. Кездесуге  факультет деканы Қайрат Сақ, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті бас редакторы Нұрмұхамед Байғара, бас редактордың бірінші орынбасары Амангелді Құрметұлы, шығарушы редактор Гүлзина Бектас және шолушы Халима Тәжіқұл қатысты.  width= Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, еркін пікір алмасты. Жаңа медиа, БАҚ төңірегінде сұрақтар қойылып, жан-жақты талқыланды. Одан бөлек, бүгінгі әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалмады.  width= Келешекте «Айқын» газеті мен Журналистика және саясаттану факультеті арасында тығыз байланыс орнап, факультеттің бес студенті «Ментор және менти» жобасы аясында тәлімгерлік тәжірибеден өтеді.