Сәкен Сейфуллин, Әлихан Бөкейхан, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жұмабек Тәшеновтың есімі мектепке берілді
Нұр-Сұлтанда білім беру мекемесіне Алаш қайраткерлері мен ұлт зиялыларының есімдері берілді, – деп жазады «Елорда Инфо».
Атап айтқанда:
1) №10 мектеп-гимназияға Жұмабек Тәшеновтің есімі;
2) №48 мектеп-лицейіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;
3) №52 мектеп-гимназиясына Бейімбет Майлиннің есімі;
4) №56 мектеп-лицейіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі;
5) №57 орта мектепке Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің есімі;
6) №58 мектеп-гимназиясына Ілияс Жансүгіровтің есімі;
7) №68 мектеп-гимназиясына Міржақып Дулатұлының есімі;
8) №76 мектеп-лицейіне Әлихан Бөкейханның есімі;
9) №80 мектеп-гимназиясына Сәкен Сейфулиннің есімі;
10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілді.