Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды.
Полиция департаментінің мәліметінше, 23 шілдеде орманға саңырауқұлақ теруге барған зейнеткер хабар-ошарсыз кеткен. Келесі күні полицияға оның танысы хабарласқан. Жедел іздестіруге еріктілер мен қала тұрғындары көмектесті.
«Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін табылды. Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр» делінген ресми ақпаратта.
Бұған дейін Орманда әйелді атып өлтірді деген күдікке ілінген полицей ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.