Тұңғыш Президент Түркияда ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен кездескен жоқ - Айдос Үкібай
Тұңғыш Президент Түркияда ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен кездескен жоқ - Айдос Үкібай
1,385
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы тараған түрлі ақпараттарға ресми жауап берілді. Бұл жайында оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желі арқылы мәлім етті.
«Нұрсұлтан Назарбаев демалысын Түркияда, туған-туыстары мен жақындарының жанында өткізіп, елге оралды. Аноним ақпарат көздерінің әртүрлі алып-қашпа әңгімелеріне қарамастан, Тұңғыш Президент ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізген жоқ», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.