Мегаполис жолдарында полицейлердің назарына «Nissan» және «Toyota Alphard» көліктері іліккен.
«Ең қызығы – екі көлікте де бір нөмір және бірдей көлікті тіркеу куәлігі бар. Көліктер Армения Республикасында тіркелген. Оларды жерлестеріміз басқарады. Белгілі болғандай, шағын автобус жүргізушісі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына жолаушы тасымалдаумен айналысады. Ол көлікті бірнеше ай бұрын Батыс Қазақстанда сатып алғанын айтады. Бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары басталды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Полиция өкілінің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң аталған көлік жүргізушілерінің қайсысы жалған нөмірді пайдаланғаны белгілі болады.