Қазақстанда доллар мен рубльге сұраныс күрт төмендеді
Қазақстанда доллар мен рубльге сұраныс күрт төмендеді
466
оқылды
Қазақстандықтар арасында доллар мен рубльге деген сұраныс былтырғы маусыммен салыстырғанда үш еседен аса төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. ҰБ мәліметінше, маусымда теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 425,41 – 470,24 теңге аралығында өзгерген. Бұл ретте маусымда халық нетто-негізде 91,5 миллиард теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған.
"Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 2,7 есе төмендеді (2022 жылғы мамырда – 249,7 миллиард теңге), 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (237,0 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 2,6 есе төмендеді" делінген хабарламада.