Степногорда әскери қызметші өзіне қол жұмсады
Степногорда әскери қызметші өзіне қол жұмсады
627
оқылды
Степногорда әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік  баспасөз қызметі.
"29 шілдеде сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Оразбайдың асылып тұрғанын көреді", – деді баспасөз қызметі өкілдері.
Автопарктің кезекші қызметі Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногор Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Сол жерде Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растаған.