Рим Папасы қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Рим Папасы қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Фото: ehonews.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Ақорда. Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.