Атырау облысында өзенге батып кеткен әкімнің денесі табылды
Атырау облысында өзенге батып кеткен әкімнің денесі табылды
1,745
оқылды
Атырау облысында Жайық өзеніне батқан аудан әкімінің мәйіті табылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыштың денесі бүгін, 1 тамызда кешке жақын Жайық өзенінен табылған.
«Қазір құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылдың ақпан айынан бері Махамбет ауданының әкімі лауазымын атқарды. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестері Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», делінген өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.
Бұдан дейін Атырау облысында аудан әкімі өзенге батып кетіп, денесі әлі табылмағанын жазған едік. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, бүгін жергілікті уақытпен сағат 6:10 шамасында іздестіру жұмыстары басталды. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 2 жүзу құралы тартылды. Аудандық полиция бөлімінен 10 қызметкер, туыстарынан 15 адам көмекке келген.