Алматыда 33 жастағы алаяқ келіншек халықты алдап, 35 млн теңгені қолды еткен.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлім еткендей, күдікті жергілікті тұрғындарды арзан азық-түлікпен қамтамасыз етемін деп алдап соққан.
«Алматылық 33 жастағы әйелдің азық-түлікті базардан төмен бағамен жеткіземін деген желеумен ірі көлемде ақша алғаны анықталды. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын 35 млн теңгеден асады», - деп жазды Рустам Әбдірахманов өзінің Instagram -дағы парақшасында.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Әйелге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.