Осакаровтан - Сарыбелге
Осакаровтан - Сарыбелге
344
оқылды
Қарағанды облысыны Осакаров ауданы енді «Сарыбел» деп аталады. Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы аймақтың тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады. Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға «Тұран» атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. Сондай-ақ, комиссия мүшелері мемлекеттік меншіктегі бірқатар объектілерге атау беру және қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді.
«Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.