Түркістан облысында қызмет ететін полицей әлемді мойындатып, алтын медаль иеленді
Түркістан облысында қызмет ететін полицей әлемді мойындатып, алтын медаль иеленді
Фото: Түркістан облысы әкімдігінен алынды
2,826
оқылды
Түркістан облысында еңбек ететін полицей халықаралық жарыста топ жарды.  Нидерландтың Роттердам қаласында әлем бойынша полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында жарыс өтті. Сайысқа 97 мемлекеттен кіл мықтылар қатысты. Оның ішінде, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат Утешов те бар. Спортшы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат 90 келі салмақта армрестлинг бойынша күш сынасып, берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жетті. Оң қолымен 5 қарсыласпен күресіп, 5-еуін де жеңіп, алтын медальді иемденді. Сол қолы бойынша жүлделі ІІ орынды алды.   [caption id="attachment_210984" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Түркістан облысы әкімдігінен алынды[/caption] Осылайша, Созақ ауданының тумасы, ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Нұрқанат Беркінбайұлы елге алтын және күміс алқамен оралды. Жастайынан спортпен шұғылданған полиция аға лейтенанты қол күресімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Осыған дейін Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы болған. Көпбалалы әке жұбайы екеуі 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр.