Ведомство басшысы отандық ғалымдар біліктілігін арттыру үшін «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен шетелге жіберіліп тұратынын атап өтті.
– Біз «500 ғалым» жобасы аясында мамандарымызды тағылымдамадан өткізу үшін Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарын қарастыруға әзірміз, – деді Саясат Нұрбек.Өз кезегінде Моника Иверсен Ақтау қаласындағы Есенов университеті мен Қазақстан-Неміс университетінің ынтымақтастығы негізінде Маңғыстау тұрақты инженерия факультетін құру жайлы ұсыныс айтты. Саясат Нұрбек бұл бастаманы қарастыруға дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан-Германия университетінің президенті Роммель Волрад ұсынған Қазақстан-Германия үкіметаралық келісіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.
Бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы: жаңа мүмкіндіктер бастамасы екенін жазған болатынбыз.