Монша мен пәтерде құмар ойын ұйымдастырған

Монша мен пәтерде құмар ойын ұйымдастырған

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын орындарын анықтады. Анықталғандай, екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айы аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратында және пәтерде заңсыз тыйым салынған құмар ойынды жүзеге асырған. Бұл Қазақстан заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзу қылмыстық әрекетіне жатады.

"Сот үкімімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды", - деп жазды ведомстводан.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.