Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Андорра Сыртқы істер министрімен кездесті
Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Андорра Сыртқы істер министрімен кездесті
Фото: Ж.Жұмабеков
257
оқылды
Мәжілісте Қазақстан мен Андорра арасындағы саяси және экономикалық байланысты арттыру мәселесі талқыланды. Мәжіліс депутаты, Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Қазақстанға ресми сапармен келген Андорра Сыртқы істер министрі Мария Губах Фонт бастаған делегация өкілдерімен кездесті.
«Екі ел арасындағы саяси және экономикалық екіжақты байланыстың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Соның ішінде, туризм саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп ойлаймын», – деді Айгүл Құспан.
Кездесу барысында қос ел арасында сауда, инвестиция және цифрландыру саласында да әріптестікке қол жеткізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Андорра арасындағы серіктестіктің одан әрі тереңдеуіне сенім білдірді.