Қазақстанда жалған телефон нөмірлері бұғатталады
Қазақстанда жалған телефон нөмірлері бұғатталады
© belchonock / depositphotos.com
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қыркүйектің соңына дейін алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін бұғаттау жұмыстары басталатынын хабарлады. 
"Бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен бірлесе өткен кеңесте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқыладық. Өкінішке орай, елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбеюде", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Мусиннің мәліметінше, 2016 жылы - 1 мың жағдай тіркелген болса, 2021 жылы - 21 мыңға дейін өскен.
"Біз қазіргі уақытта байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі- жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады", - дейді министр.