Әйеліне автобуста пышақпен шабуыл жасады: полицияның түсініктемесі мен жаңа видео жарияланды

Әйеліне автобуста пышақпен шабуыл жасады: полицияның түсініктемесі мен жаңа видео жарияланды
Фото: nur.kz

Алматыда ер адам әйелін автобуста пышақтамақ болды. Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

Желіде тағы бір видео пайда болды. Видеода ер адам қолын басына қойып, бұрышта отыр, өзіне тиіспеуді сұрайды. Қасында тұрған куәгерлер оны тырп еткізбей тұр. Автобуста қанның ізі көрінеді.

Қалалық ПД хабарлағандай, бұл факт Алатау аудандық Полиция басқармасында тіркелген.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», − делінген хабарламада.

Qumash Telegram-каналы әйелді құтқарып қалған жігіттің суретін жариялады. Ол ұрысып жатқан ерлі-зайыптыларды бақылап отырып, ер адамды артынан келіп тоқтатыпты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.