Оралда кәсіпкер қаза тапқан маңда түсірілген бейнежазба тарады
Оралда кәсіпкер қаза тапқан маңда түсірілген бейнежазба тарады
26,594
оқылды
Оралда кәсіпкер қаза тапқан оқиға орнынан бейнежазба тарап жатыр. Бұған дейін П.Атоян атындағы стадионның тұрағында ер адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейін белгілі болғандай, ол - 49 жастағы кәсіпкер. Белгісіз ер адам оған бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Ал әлеуметтік желіде "Рахат-Лукум" дәмханасының үстіне орнатылған бақылау камераларының видеосы жариялануда. Бейнежазбада екі ер адам жүгіріп келе жатқанын, бірінің қолы қанға боялғанын байқауға болады. 7 тамызда таңертеңгі мәлімет бойынша, күдікті әлі ұсталған жоқ. Қалада полицейлердің патрульдік қызметі күшейтіліп, Оралға кірген және шыққан көліктер тексеріліп жатыр.