Михаил Козачков Telegram арнасында генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдында жазып қалдырған хатын жариялады.
Марқұм генерал-майор Ж.Халықұлы өліміне себепкер болғандардың атын атап, хатқа түсірген. Хатта ол өзінің өліміне кінәлілер ретінде Антикордың тергеушісі Төлеген Ерболды және арыз жазған Руслан Құсайыновты атаған.
Бұған дейін полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлының Алматы тергеу изоляторында көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Оны таңғы сағат 7 кезінде қарауылдағы бақылаушы тауып алған. Мекеменің кезекші бөлімі дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы күдіктінің механикалық асфиксиядан көз жұмғанын растады.