"Бала тістерінің ізі бар жүгері қобдишасы табылды": Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды іздеу жалғасып жатыр
"Бала тістерінің ізі бар жүгері қобдишасы табылды": Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды іздеу жалғасып жатыр
қыз
1,293
оқылды
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
"Іздеу-құтқару жасағының еріктісі жүгері алқабында қызды көрген. Бұл жерден баланың тістерінің ізі бар жүгерінің собығы табылды. Ол сараптамаға жіберілді", – делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, әзірге 20-дан астам алқап тексерілген. Жол бойында полиция қызметкерлері су мен тамақ қалдырып жатыр. Қыз әлі табылған жоқ. Ол болуы мүмкін деген жерлер тексерілді. Бүгінде баланы іздеу аймағы 4 бағытта кеңейтілді: 1) Жамбыл ауылы – Тобыл өзені; 2) Алтын дала ауылы; 3) Қостанай қаласы; 4) Самир ауылы.
"Таңертең 2 тікұшақ және 1 ұшақ әуеге көтерілді. Олардың біреуінде тепловизор бар. Сондай-ақ Тобыл өзенінің арнасы да тексеріліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.
Кеше жүгері алқабында бала тістерінің іздері бар жүгері қобдишасы табылды. Ол сараптамаға жіберілді. Айта кетейік, 7 тамызда таңғы 5.00-де Қостанай облысы Жамбыл ауылында 5 жасар Мәдина Ерланқызы жоғалып кеткен еді. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала терезеден шығып, үйден кетіп қалған. Мәдина аутизм дертіне шалдыққан әрі сөйлемейді.   Бұған дейін 5 жасар қыздың жүрген жерінен видео жарияланған болатын.