Алдағы үш күнде елімізде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Алдағы үш күнде елімізде найзағай ойнап, бұршақ жауады
© almaty.tv

"Қазгидромет" РМК 11-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс антициклон жотасы республиканың батыс, солтүстік-батыс жартысына әсер етеді, сондықтан алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі. Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін оңтүстік циклон шұңқыры мен атмосфералық фронттар әсер етеді, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болжанады.

"Ауа температурасының негізгі аясы күндіз: батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +23 +35°С, солтүстікте +20 +28°С, орталықта +23 +33°С, шығыста +18 +28°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +35°С шегінде, таулы аудандарда +13 +20°С болады", –   делінген хабарламада.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.