Қазақстанда мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Қазақстанда мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды
© bilim-all.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлеріне арналған байқау қорытындысын жариялады. 
мына сілтемеден көруге болады.
Айта кетелік, биыл 154 мың талапкер ҰБТ тапсырып, 103 мыңнан аса адам шекті балл жинаған. Бұл жалпы қатысушылардың – 67 пайызы. Өткен жылмен салыстырғанда, аталған көрсеткіш 7 пайызға жоғары. Биыл орташа балл 66 балды құрады. 80 мыңға жуық талапкер білім грантына қатысу үшін өтінім берді. Құжаттар 13-22 шілде аралығында қабылданды. Үміткерлер арасында балл тең түскен жағдайда 20 мыңнан аса талапкердің басымдыққа ие болатыны анықталды. Олар «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары және оқу озаттары. Сондай-ақ   халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігіне арналған грант көлемі де ұлғайды. Кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға гранттың жалпы көлемінен 5 пайыз, толық емес отбасыдан шыққан отбасыларға 1 пайыз, І, ІІ топ мүгедектерін тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан балаларға 1 пайыз көлемінде грант бөлінді.