LIDER.KZ еріктілер тобының хабарлауынша, Алматыда 2021 жылғы 13 наурызда 1991 жылы туған ер адам жоғалып кеткен. Сол күні сағат 6:30 шамасында ол Райымбек даңғылында жұмыстан шығып, жоғалып кеткен. Жақында еріктілер жас жігітті іздеу жұмыстары тоқтатылғанын хабарлады.
"Ер адамның денесі Өскемен қаласының іргесіндегі орманнан табылды. 19 шілдеде бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама жүргізілуде", – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.