Алматыда көлік нөмірі мен адамның бет-әлпетін анық көрсететін камералар орнатылады
Алматыда көлік нөмірі мен адамның бет-әлпетін анық көрсететін камералар орнатылады
312
оқылды
Алматыда адам көп жиналатын орындарға бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу ережелері әзірленді.
«Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі – қала бойынша бейнекескіндерді жинау, өңдеу мен сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы. Ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі видеомониторинг ұлттық жүйесінің өңірлік бөлігі. Ол қала мәселелерін шешуде видеосараптама қалыптастыру функцияларын атқарады» делінген құжатта.