ШҚО-да аутизмге шалдыққан 11 жасар бала табылды
ШҚО-да аутизмге шалдыққан 11 жасар бала табылды
© ІІМ
567
оқылды
ШҚО-да жоғалып кеткен 11 жастағы Тамерлан табылды. Жағдайы жақсы. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады. 11 жасар баланың есімі – Ахмеджанов Тамирлан Тимурұлы. Іздестіру шаралары барысында оны ТМК көпірінің маңында, шұңқырдан тапқан. Қазір оған медициналық көмек көрсетілуде. Айта кетейік, бала аутизмге шалдыққан. Оны іздеу жұмыстарына 500-ден аса адам жұмылдырылған болатын. Оның ішінде, құтқарушылар, кинологтар, Ұлттық ұлан сарбаздары, волонтерлер, құқық қорғау саласының мамандары бар.  Квадрокоптермен де іздеді. Бұған дейін Өскеменде аутизмге шалдыққан бала түнде үйден шығып, жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.