Тұрғындар үш айда банктерден 350 миллиард теңге тұтынушылық несие алған
Тұрғындар үш айда банктерден 350 миллиард теңге тұтынушылық несие алған
Фото: uralskweek.kz
437
оқылды
Банк өкілдерінің айтуынша, жұрт әуе билеттерін де несиеге рәсімдейді. Тұтынушылық несие көлемі соңғы  үш айда 5,6 процентке артқан, – деп хабарлайды AstanaTV. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, азаматтар көбінесе, тұрмыстық техника, смартфон, саяхат жасау үшін туристік пакет пен әуе билеттерін несиеге алады. Сондай-ақ тұрғын үй мен көлік жөндеу үшін заем алушылар көп. Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, дәл қазір несие алу тиімсіз.
Мақсат Халық, экономист: «Қазіргі уақыт кредит алатын уақыт емес. Пайыздарды қарасақ өсіп кеткен. Осындай жоғары пайыздар кезінде адамдар несие алмауы керек. Бірақ бізде бір феномен қалыптасып отыр. Базалық пайыздық мөлшерлеме Ұлттық банк 14 пайызға көтерді. Пайыздар өсіп жатыр. Бірақ несие азаятын емес. Керісінше, несие алу көбейіп келе жатыр», – дейді.
Бұған дейін кімдер ең жоғары жалақы алатынын жазған болатынбыз.