Нұрмұхамед Байғара Қазақстан Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды
Нұрмұхамед Байғара Қазақстан Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды
595
оқылды
Саясаттанушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара  Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін Нұрмұхамед Байғара Аiqyn газетінің бас редакторы болды. AMANAT партиясының Саяси жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламаларды эфирге шығарып, саяси ток-шоуларды тізгіндеген тележүргізуші ретінде көрерменге жақсы танылған. Кейіннен республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасына кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.