Тоқаев Еревандағы жарылысқа байланысты көңіл айтты
Тоқаев Еревандағы жарылысқа байланысты көңіл айтты
Фото ©REUTERS
996
оқылды
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады», – делінген хабарламада.
Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.