Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 30 тәулікке ұзартқанын хабарлады.
«17 тамызда күдіктіге қатысты қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды», – делінегн сот хабарламасында.
Айта кетерлігі, Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі ертең, 19 тамызда аяқталуы керек болатын. Осылайша, қаржылық пирамидаға қатысы бар деген күдікке ілінген блогер бір ай қамауда отыратын болды.
Еске салсақ, 10 ақпанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.