Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
1,375
оқылды
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады. 
«Биыл 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың  ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды», делінген ұсынылған хабарламада.
ҚР ҰҚК-нің Тергеу департаменті   Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі  3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.