РФ СІМ: Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы туралы жалған ақпарат көбейді
РФ СІМ: Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы туралы жалған ақпарат көбейді
545
оқылды
РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты фейктер көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығына қатысты фейктердің күрт өскенін байқадық. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа дақ түсіргісі келетіндер көп екенін жоққа шығармаймын. Бұлардың мақсаты көрші екі елді араздастыру", - деді РФ Сыртқы істер министрлігінің өкілі.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде 6-7 жылдан кейін қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сабақтар тоқтатылады деген ақпарат тараған болатын. Кейін бұл ақпаратты министрлік жоққа шығарды.