Өскеменде үш баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Өскеменде үш баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
339
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында 46 жастағы Сәния Садықованы іздестіру жұмыстары бір аптадан бері жүріп жатыр. Еріктілер жариялаған ресми ақпаратқа сәйкес, үш баланың анасы 12 тамызда жоғалып кеткен. Жұма күні кешке әйел жалақысын алып, жұмыстан шыққаннан кейін оны ешкім көрмеген.
"Таныстары мен туыстарының айтуынша, Сәния Өскеменде құрылыс нысанындағы жұмысын бітіріп, есеп-қисаппен айырылысқаннан кейін, қалаға жақын үйіне –  Бозанбай ауылына барған. Мұны оны әкелген такси жүргізушісі мен әкем растап отыр. Таңертең ол мал жөндеп, үй шаруасын реттегеннен кейін жер жұтып қойғандай жоғалып кетті. Оны ешкім көрмеген. Әке-шешеміз де, көршілер де, такси жүргізушілері де. Егер ол бір жерге барғысы келсе, соларға жүгінетін еді", – деді әйелдің ағасы Бақтияр.
Ер адамның айтуынша, әпкесінің телефоны содан бері өшірулі көрінеді. Ағасы әпкесінің ата-анасымен бірге тұратынын, ажырасқан әйел екенін айтады. Оның үш ересек ұлы бар – біреуі жұмыс істейді, қазір іссапарда жүр екен, екіншісі әскерде борышын өтеп жүр, ал кішісі колледжде оқиды. Туыстарының айтуынша, әйел бұрын-соңды ешқашан жоғалмаған, алкогольді ішімдіктерге құмар емес, темекі шекпейтін.  width= Бүгінгі таңда әйелді іздеу жұмыстары жалғасуда. Еріктілер қала бойынша хабарландыру жариялауға көмектесіп жатыр. Полиция іздеу шараларына кинологтарды қосқан.