Елімізде «Яндекс Такси» жүргізушілеріне әлеуметтік жарна төленетін болды
Елімізде «Яндекс Такси» жүргізушілеріне әлеуметтік жарна төленетін болды
194
оқылды
 Еліміз «Яндекс Такси»-дің басшылығымен жүргізушілерге әлеуметтік жарна төлеу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы.
«Біз әлеуметтік кодекске фрилансерлердің еңбек құқығын қорғауға қатысты өзгерістер енгіздік. Әлеуметтік кодекске сәйкес азаматтар күніне 8, аптасына 40 сағат жұмыс істеуі тиіс. Бұл жерде әңгіме толыққанды жұмыс істейтін азаматтарға қатысты. Ал енді фриланс болып немесе негізгі жұмысынан кейін қосымша еңбектенетін жұмысшылардың құқығы әлі күнге дейін заң арқылы реттелмеген. Мен жақында ғана еліміздегі 8 ірі онлайн платформаның басшыларымен кездесу өткіздім. Сол кезде басшылардан жұмысшылар төтенше және жазатайым жағдайға ұшырап қалса, қандай сақтандыру қарастырылған дегенде, ешқандай сақтандыру жоқ деген жауап алдым», - деді Тамара Дүйсенова «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында болған «Жедел желі» бағдарламасының эфирінде.
Министр келтірген мәліметке сәйкес бүгінде түрлі онлайн платформаларда 500 мыңнан астам отандасымыз жұмыс істеп жатыр.