QazaqTV телеарнасының атауы Jibek Joly болып өзгерді
QazaqTV телеарнасының атауы Jibek Joly болып өзгерді
777
оқылды
QazaqTV телеарнасы ребрендинг жасап, атауы Jibek Joly болып өзгерді. Телеарнаның атауы ғана емес, хабар тарату кестесі де өзгерді. Ендігі уақытта Jibek Joly телеарнасын теледидар пультінің 7 санын басу арқылы көруге болады. Айта кетейік, бұған дейін Kazakh TV ел аумағында көрсетілуге міндетті телеарналар тізіміне енген болатын. Бұйрыққа сәйкес, енді міндетті телерадиоарналардың тізімі мынадай: 1. «QAZAQSTAN» 2. «Хабар» 3. «Хабар 24» 4. «BALAPAN» 5. «ABAI TV» 6. «QAZSPORT» 7. «Kazakh TV» 8. «МИР» 9. «Астана» 10. «Almaty» 11. «Евразия бірінші арнасы» 12. «КТК» 13. «31 арна» 14. «Жетінші арна» 15. «El arna» Kazakh TV арнасы Қазақстанның барлық аймақтарында хабар тарата бастайды. Республикадан тыс жерде хабар тарату әлемнің 120-дан астам елінде жалғасады.