Ұлыбританияда ер кісі итті тістегені үшін түрмеге қамалды
Ұлыбританияда ер кісі итті тістегені үшін түрмеге қамалды
Ұлыбританияда 34 жастағы Мэттью Боултер полицейге шабуыл жасап, қызметтік итті тістеп алған. Ол бұл ісі үшін түрмеге қамалды, – деп хабарлайды Telegraph. Басылым мәліметінше, оның көршілері полицияға шағымданған. Ер адам бірнеше адамға шабуыл жасаған. Оқиға орнына полицейлер барған, бірақ ол жай берілгісі келмеген. Кейін Ксандер атты қызметтік ит офицерге көмекке жүгірген. Ал Боултер иттің басынан тістеп алған. Ақыр аяғында тәртіп бұзушы қамауға алынған. Кейін оған үш адамға, оның ішінде полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны, жануарға шабуылдағаны үшін айып тағылған. Сот ер адамды түрмеге жапқан.